Контент жаса. Қаралым жина. Ақша тап.
Tutoro - жасанды интеллект көмегімен ағылшын тілін үйренуге арналған қосымша. Видео түсір немесе дайын роликтерді монтаждап, Tutoro туралы бөліс. Қаралымдардан да, сен арқылы ақылы жазылым алған әр адамнан да табыс тап.
Өтінім жібер
Қалай жұмыс істейтінін біл
Қанша табыс таба аласың
Қанша ақша таба аласың?
Аптасына қанша видео жариялайсың
Бір видеоның орташа қаралым саны
видео жариялайтын барлық платформаңда
Видеоларыңды қайда жариялайсың
Видеоны қай платформада жарияласаң да, қаралымға бірдей ақы аласың. Тек қаралымды есептеу тәсілі өзгереді.
Өзіміз қадағалаймыз
Сілтемені қолмен енгізесің
Бір айдағы болжамды табысың
Бұл тек болжамды есеп, дәл осынша табысқа кепілдік жоқ. Видеодан ақша табу үшін қаралым саны 3,000 межесінен асып, модератор видеоны тексеріп мақұлдауы керек.
Өтінім жібер
Bronze
Silver
Gold
Платина
Diamond
YouTube
TikTok
Жазылушың аз ба? Оқасы жоқ.
Оқырманың қанша болса да қатыса аласың. Іріктеуден өтудің де қажеті жоқ. Видео түсір, дайын роликтерді монтажда немесе шақыру сілтемеңмен бөліс. Өзіңе ыңғайлы жолмен табыс тап.
Контент-креатор
Өз видеоңды түсір, танымал трендтерді өз стиліңде қайтала, Tutoro туралы контентіңе үйлестіріп айт.
Видеомонтажшы
Танымал видеолар мен назар аударатын идеяларды тап, өзіңше монтажда да, кітапханамыздағы Tutoro үзінділерін қос.
Серіктес
Аудиторияң бар жерде сілтемеңді не кодыңды бөлісіп, сен арқылы ақылы жазылым алған әр адам үшін ақша тап.
Don't waste opportunity
Өтінім жібер
ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Табыс табуды төрт қарапайым қадамнан баста
Тегін қосыл да, Tutoro туралы өзіңе ыңғайлы жолмен айт. Контентіңнен немесе шақырған адамдарыңнан табыс тап.
Тіркел де, рефералдық кодыңды ал
Тегін тіркеліп, өзіңе ғана тиесілі кодты ал. Креатордың жеке кабинеті мен материалдар кітапханасын бірден пайдалана аласың.
Tutoro-ны қалай жарнамалайтыныңды таңда
Өз видеоңды түсір, қорымыздағы материалдарды пайдаланып танымал роликтерді монтажда немесе шақыру сілтемеңмен не кодыңмен бөліс.
Жарияла, жарнамала, табысыңды бақыла
Видео сипаттамасында талапқа сай Tutoro туралы міндетті түрде жазып, шақыру кодыңмен бөліс. Жеке кабинеттен ақы төленетін қаралымдарды, сен шақырған адамдарды және табысыңды бақыла.
Табысыңды ал
Табысыңды бақылап отыр. Ақшаңды PayPal, Wise немесе банк шотыңа шығару үшін өтінім бер.
Табыс табуды бастауға қажеттінің бәрі
Дайын материалдарды қолдан, қанша ақы алатыныңды алдын ала біл, бәрін жеке кабинеттен бақыла. Нәтижең өскен сайын сыйақың да артады.
Қаралымнан да, адам шақырудан да ақша тап.
Талапқа сай әр 1,000 қаралым үшін ақша тап. Сен шақырған адам ақылы жазылым алса, қосымша бонус ал. Табысыңды бақылап, ақшаңды PayPal, Wise немесе банк аударымы арқылы шығарып ал.
Видео жасауға керектің бәрі осында
Видеоны қызықты бастауға арналған идеялар, қолданбаның экран жазбалары, дайын үзінділер мен сценарийлерді қолдан. Бәрін өзің түсірмей-ақ, видеоларыңды тезірек дайында.
Барлық нәтижең бір жерде.
Жеке кабинеттен қаралымдарыңды, шақырған адамдарыңды және табысыңды қадағала. Қай тәсіл нәтиже беріп, қанша ақша тапқаның бірден көрінеді.
Нәтижең артқан сайын, табысың да өседі.
Жоғары лигаларға көтеріліп, еңбегің үшін көбірек ақы ал. Лигаң өскен сайын төлем мөлшері де артады.
Лигадағы орныңды ай сайын қайта растауың керек. Қажетті жазылым санын жинасаң, келесі ай бойы сол лигада боласың. Алғашқы айда бастапқы деңгейіңді анықтаймыз: тек жоғарылай аласың, төмен түспейсің.
ҚОСЫМША
Өзің жарнамалайтын қолданбамен таныс
Tutoro қолданбасында жеке AI-репетитормен толыққанды сабақтар өтіп, ағылшын тілін үйренесің. Сөйлеуді, тыңдап түсінуді және оқуды жаттықтырасың. Жауабыңа бірден пікір алып, қателеріңді түзетесің. Ал ойын түріндегі тапсырмалар оқуға қызығушылығыңды сақтауға көмектеседі.
Нағыз сабақ. Дауыстап сөйлес
Сен сөйлейсің. Мұғалімің жауап береді, түсіндіреді, әңгіме арасында жаттығулар ұсынады.
Кез келген жағдайға дайындал
Жұмысқа орналасу сұхбатына дайындал, дәрігермен сөйлесіп жаттық, шытырман оқиғаға қатыс немесе өз сценарийіңді ойлап тап.
Кіммен сөйлесетініңді өзің таңда
Әр мұғалімнің өз акценті, өз мінезі бар. Өзіңе тілдескен ұнайтынын таңда.
Нені жақсарту керегі бірден көрінеді
Әр сабақтан кейін ұпайларыңды қарап, қай қателерді жиі қайталайтыныңды біл.
Үйренген сөздерің есіңде қалады
Ұмыта бастаған сөздерді әбден есте сақтағанша шағын ойындарда қайталайсың.
Шексіз лента емес, нақты оқу жолы
Әр сабақ сайын картада алға жылжисың, ал бір әлемді аяқтасаң, келесісі ашылады.
Деңгейіңді көтер. Кейіпкеріңмен бірге
Өз кейіпкеріңді жаса. Ол әр сабақ сайын деңгейін көтеріп, жоғары лигаларға өтеді.
Контент креаторларының Tutoro арқылы қалай табыс тауып жүргенін көр
Басқа креаторлардың Tutoro туралы видеоларын көр: бірі өзі түсіреді, бірі монтажбен қызықтырады. Шабыт ал да, өз видеоңды жаса.
Marta Kowalczyk
@martacuts
TikTok
Deniz Aksoy
@denizspeaks
YouTube
Ifeoma Balogun
@ifeomastudies
Instagram
Rafael Queiroz
@rafacorta
TikTok
Hoang Minh Tu
@tuhoclish
YouTube
Sofia Marchetti
@sofiaonmute
Instagram
Контент креаторларының пікірі
Tutoro-ны жарнамалап жүргендердің қысқаша пікірлері.
Қосылу оп-оңай екен. Тіркелдім, кодымды алдым да, сол күні-ақ видео жариялай бастадым.
Жазылушы санына талап жоқтығы ұнайды. Аудиторияң шағын болса да, қатыса аласың.
Жеке кабинетте бәрі түсінікті. Қанша тапқанымды, қанша ақша әлі күту мерзімінде тұрғанын және оны қашан ала алатынымды көріп отырамын.
Мұнда қаралым үшін де, жазылым үшін де ақша аламын. Кәдімгі серіктестік бағдарламадан әлдеқайда қызық.
Дайын роликтердің арқасында монтажға әлдеқайда аз уақыт жұмсаймын. Әрі оларды өз парақшамның стиліне сай өзгерте аламын.
Бағдарламаны түсіну оңай, төлемі де жақсы. Тек кітапханада материалдар көбірек болса екен.
Негізі серіктестік код үшін қосылғанмын. Қаралымнан да ақша түсетіні жақсы болды.
Лигалар қатысуды қызығырақ етеді. Келесі деңгейге қанша қалғанын көргенде, тағы видео жариялағым келеді.
Оқырманым көп емес. Қатысу үшін белгілі бір оқырман санын жинаудың қажеті жоқ екені ұнады. Содан байқап көргім келді.
Бәрі оңай. Видео жариялап, tutoro.pro сілтемесін қосамын. Қаралымдар мен қалған көрсеткіштердің бәрін жеке кабинетімнен көріп отырамын.
Қосылғанда алған $10 бонус күтпеген сый болды. Ең бастысы, табыстың қалай есептелетінін бірден түсіндім.
Өзім кадрға түскеннен гөрі қысқа видеоларды монтаждаймын. Сондықтан дайын роликтер қоры маған таптырмайтын көмек болды.
Идеясы ұнады, қосылу да өте оңай болды. Ақшаны сәл ұзақ күтесің, бірақ барлық шартты анық түсіндірген.
Видеоларым арқылы адамдар жазылым ала бастағанда, бонустардың арқасында табысым едәуір өсті.
Бірнеше серіктестік платформаны қолданып көрдім. Мұнда бәрі әлдеқайда ашық: түскен әр сома бөлек көрінеді.
Маған ең ұнағаны, аудиторияң шағын болса да, бірден бастай аласың. Алдымен бірдеңе дәлелдеудің қажеті жоқ.
Бәрі оңай екен, нұсқаулық та керек болмады. Бірнеше минутта тіркеліп, кодымды алдым.
Кодымды профильге және оқырмандарыма жіберетін хаттарға қосамын. Видео түсіруге уақыт болмаса да, бағдарламаға қатыса беремін.
Мен үшін Tutoro артықшылығы: қаралымнан да табыс табамын, жаңа жазылушылар үшін де бонус аламын.
Бағдарламаның болашағы бар. Келесі лигаға қалай көтерілуге болатыны түсінікті. Әр төлемнің есебін көріп отыратыным да ұнайды.
Бастағанда TikTok-та оқырманым аз еді. Бірақ бағдарлама мен сияқты креаторларға да сай келетінін бірден сездім.
Барлық табысым бір жерде көрініп тұр. Әр видеоның қанша табыс әкелгені бірден түсінікті.
Тез арада бірдеңе жариялау керек болса, дайын видеолар қоры көмектеседі. Бір роликті аламын, өңдеймін де, жариялаймын.
Tutoro туралы қалай бөлісетінімді өзім таңдайтыным ұнайды. Контент жасауды негізгі жұмысыма айналдырудың қажеті жоқ.
Жоғары лигаға өткенде табыс та едәуір өседі екен. Соған жетуге тырысқың келеді.
Креаторларға жақсы жағдай жасапты. Қатысу тегін, жазылушы санына талап жоқ. Табыс табудың да бірнеше жолы бар.
Әзірге бәрі ұнап жүр. Негізінен видеодан ақша табу үшін қосылдым, қаралым мен табысты бақылау өте ыңғайлы.
Күту мерзіміндегі ақшамды қашан ала алатынымды нақты білетінім ұнайды. Ұсақ нәрсе сияқты, бірақ бағдарламаның қалай жұмыс істейтіні түсініктірек болып, сенімім артады.
Бағдарламаны жасағанда инфлюенсерлермен ғана шектелмегені көрініп тұр. Монтаж жасайтындар да, серіктестер де қатыса алады. Жақсы ойластырған.
Мен қатысқан креаторлар бағдарламаларының ішіндегі ең оңайы осы шығар. Тез тіркелдім, ережелері түсінікті, табыс табудың да бірнеше жолы бар.
Сұрағың бар ма? Жауап береміз
Жазылушы санына талап бар ма?
Жоқ. Бағдарламаға қатысу үшін оқырманың көп болуы шарт емес. Талап тек видеоға қатысты: ол 3,000 қаралым жинауы керек. Жаңа аккаунтқа да, танымал блогерге де ереже бірдей.
Видеоларды міндетті түрде өзім түсіруім керек пе?
Өзіңе қалай ыңғайлы болса, солай жаса! Өз видеоңды түсір, трендтерге қосыл немесе кітапханамыздағы материалдардан ролик құрастыр. Бетіңді көрсету де, өзің бірдеңе түсіру де міндетті емес.
Видео жасамай-ақ ақша таба аламын ба?
Әрине! Өзіңе берілген рефералдық сілтемені немесе кодты бөліс. Сен шақырған адам Tutoro қолданбасына ақылы жазылым алса, ақша табасың. Қолданба іске қосылғанда жазылымдарды есепке ала бастаймыз. Сол кезден бастап олар үшін де ақша есептейміз.
Қалай ақша табамын?
Видеоң 3,000 қаралым жинаған соң, талапқа сай қаралымдардан ақша таба бастайсың. Өзің шақырған әр адам ақылы жазылым алса, ол үшін де табыс табасың. Жазылымнан табыс табу үшін қаралым жинау міндетті емес, тіпті видео түсірмесең де болады. Қолданба іске қосылғанда жазылымдарды есепке ала бастаймыз. Сол кезден бастап олар үшін де ақша есептейміз.
Видеоларымда не болуы керек?
Өз стиліңмен, өз қиялыңмен жаса. Видеода Tutoro қолданбасын көрсетіп, сипаттамасына tutoro.pro деп жаз. Сен арқылы келген жазылымдардан табыс табу үшін рефералдық кодыңды да қос.
Өз тілімде видео жарияласам бола ма?
Иә! Tutoro қолданбасын ондаған елде қолданады, сондықтан видеоны өзіңе ыңғайлы тілде түсіре бер. Кітапханамызда бірнеше тілде сценарий бар. Қай тілде жарияласаң да, кілт сөз өзгермейді.
Видео қаралымы қалай есептеледі?
YouTube немесе TikTok аккаунтыңды қос. Атауында не сипаттамасында tutoro.pro бар видеолардың қаралымын автоматты түрде есептейміз. Instagram мен Facebook үшін әр видеоның сілтемесін жеке кабинетіңе қосып отыр. Видео тексеруден өтіп, 3,000 қаралым жинаған соң, оған ақша есептей бастаймыз.
Ақшамды қашан және қалай аламын?
Табысыңды жеке кабинетіңнен бақыла. Шығарып алуға болатын сома кемінде $20 болғанда, PayPal, Wise немесе банк аударымы арқылы төлем сұра. Ақшаны өзіміз қолмен жібереміз. Әдетте бірнеше жұмыс күні кетеді.
Басқа контент креаторларының видеоларынан үзінді қолдансам бола ма?
Иә. Кітапханамыздағы материалдардан немесе пайдалануға рұқсатың бар өзге видеолардың үзінділерінен ролик құрастыра аласың. Өз идеяңды қосып, видеода Tutoro қолданбасын көрсет.
Tutoro арқылы табыс таба баста
Өз видеоңды түсір, дайын материалдардан ролик құрастыр немесе рефералдық кодыңды бөліс. Талапқа сай қаралымдардан және сен шақырып, ақылы жазылым алған әр адамнан табыс тап. Тегін қосыл да, ақша табуды баста.
Өтінім жібер